{metadescription}
Атырауда мейрамхана өртенді
Атырауда мейрамхана өртенді

Атырауда мейрамхана өртенді

Атырауда мейрамхана өртенді. Әп-сәтте күш алған тілсіз жауды 45 өрт сөндіруші үш сағатта зорға өшірді.  

Тілекқабыл Досмағанбетов  Атырау облысы ТЖД өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары:

- Өрт сөндіру және құтқару жұмысы мекемесінен бес негізгі өрт сөндіру автокөлігі, 2 автосаты, 1 «УАЗ» және 1 «АБЗС» автокөлігі мен 45 жеке құрам жұмылдырылды.

Өрт алдымен ғимараттың екінші қабатынан басталған. Түтінге тұншыққан қызметкерлер мен меймандар біртіндеп далаға шығарылыпты. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Ал жалын күш алғанда дәл мейрамхананың жанында орналасқан облыстық прокуратураны түтін басқан. Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз. Алғашында жалынды байқаған тұрғындар өздері сөндіруге тырысқанымен, еш нәтиже болмапты.

Самғат Тұрсынбай, Атырау тұрғыны:

- Мен өрт сөндіргіш құралын алып бірден бардым,. Жоғарыға мініп кеттім. Қолдан келгеннің бәрін істедік. Шыны мақтадан жанды. Барынша су шаштық. Арғы жағынан өрт сөндірушілер келді. Дым істей алмады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде