{metadescription}
Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударушыларға еш жағдай жасалмаған
Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударушыларға еш жағдай жасалмаған

Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударушыларға еш жағдай жасалмаған

Қазақстанда оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударушыларға ешқандай жағдай жасалмаған. Әкімдіктер де көшуге ниет білдіргендерді қолдамайды. Сенат отырысында осылай деген депутаттардың бұл мәселені реттейтін «Еңбек» бағдарламасына көңілі толмай отыр. Әлімжан Құртаев, Сенат депутаты:

- Көшуге ниет білдірген отбасы қабылдау туралы облыс, барлық аудан туралы толық ақпаратқа қол жеткізе алмайды. Соның салдарынан олардың таңдау мүмкіндігі шектеулі. Кейбір жергілікті органдар қоныс аударған отбасын өзі қалаған ауылына емес, әкімшілік таңдаған ауылға жіберуде. Тағы бір мәселе:  тұрғын үй. Кейбір өңірлерде жаңа жеке тұрғын үйлерді салу жұмысымен шаруа қожалықтары айналысуда және ресми келісу процесін толық өткізбестен салып жатыр.

Проблеманы тізіп берген сенатор түсіндіру жұмысын күшейтсе, бәрі реттелетініне сенімді. Ал ол үшін оңтүстіктегі азаматтарды жіберуші тарап пен оларды солтүстікте қабылтайтындарға Call-орталық ашып, сол жерде толық ақпарат берілуі керек.

Әлімжан Құртаев банкте несиесі бар көшіп-қонушыларға алты айдан бір жылға дейінгі мерзімге несиелік демалыс беруді ұсынып отыр. Жалпы оңтүстіктен солтүстік Қазақстанға соңғы үш жылда бес мыңнан астам азамат қоныс аударған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.