Вакцина алғандарда Ashyq жасыл түске боялады
Ал ковидқа қарсы вакцинаның екі бөлігін алғандар Ashyq қосымшасында «жасыл» түске боялады. Ол үшін алдымен Ashyq қосымшасы вакциналау төлқұжатымен үйлестірілуі керек. Жоспар бойынша вакцина алғандарға «жасыл» түс бір жылға берілмек.
Автор: Ербол Тұрымюет
13.05.2021
Көліктегі санитария-эпидемиология бақылау қызметінің мәліметінше, екі жобаны өзара үйлестіруге қазір цифрлық даму, инновация және аэроғарыш министрлігімен бірге жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың барлығы шілдеге дейін аяқталуы тиіс. Бірақ министрлік өкілдері одан да ертерек бітіреміз деген үмітте.
Ал екі жүйенің осы уақытқа дейін біріктірілмеу себебін мамандар ғалымдармен ақылдасып жатқанымен түсіндірді. Яғни «жасыл» түс мәртебесі жеке адамға қанша уақытқа берілетіні әлі толық нақтыланбаған. Әзірге вакцинаны толық қабылдағандарға бір жылға беріледі деп жоспарланып отыр. Қазір Ashyq тек ПТР-тест базасымен біріктірілген.
Әсет Тұрысов, ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі:
- Аshyq қосымшасы әзірге ПТР-тест анықтамаларының базасымен біріктірілген. Ол база денсаулық сақтау министрлігінің қарамағында. Ол жаққа еліміздегі бүкіл зертханадағы мәліметтер келіп түседі. Сондай-ақ «сары» түстегілердің базасы да біріктірілген. Ол да сол министрліктен алынады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!