{metadescription}
COVID-19: 2283 адам тіркелді, 20 науқас көз жұмды
COVID-19: 2283 адам тіркелді, 20 науқас көз жұмды

COVID-19: 2283 адам тіркелді, 20 науқас көз жұмды

Елімізде эпидемиологиялық ахуал тұрақталмай жатыр. қауіптің ең жоғары деңгейінде тұрған Батыс Қазақстан облысында карантин талаптары жеңілдетіліп, блокпосттар алынды.

Ал Маңғыстау облысы «жасыл» аймаққа ауысса да, ауру айылын жимай тұр. Өңірде коронавирусқа әсіресе мектеп оқушылары көптеп шалдығуда. Соңғы екі аптаның өзінде 100 шақты баладан алынған сынама он нәтиже көрсеткен.

Маңғыстау облысы бір апта бұрын ғана «жасыл» аймаққа ауысқанымен, ауру жұқтырғандар саны азаяр емес. Індет оқушылар мен мұғалімдер арасында анықталған. Соңғы екі аптаның өзінде 96 оқушы мен 6 мұғалімнің коронавирусқа шалдыққаны белгілі болды. Олардың барлығы қашықтан білім алғандар.

Ғазиз Надуев, Маңғыстау облысы санитария-эпидемиология бақылау департаментінің басшысы:

- 1-қаңтардан бастап оқушылар арасындағы 389 жағдайдың ішіндегі, оның офлайн форматында оқығандары 200, онлайн форматта оқығандары – 189. Аймақтарда ең жоғары көрсеткіш Ақтау қаласы болып отыр – 237 жағдай. Мұнайлы ауданында 83 жағдай, Түпқараған ауданында 39 жағдай, Маңғыстау ауданында 15 бала болса,  Бейнеуде 5 бала, Жаңаөзенде 6 бала, Қарақияда 3 бала науқасқа шалдыққан.

«Қызыл» аймақтағы Батыс Қазақстан облысында ковид жұқтырғандар азайып келеді. Осылайша облыстың бас санитар дәрігері шектеу шараларына қатысты жаңа қаулы шығарды. Түнгі уақытта елдімекендерге жүруге рұқсат беріліп, блокпосттар алынды. Бірақ той-томалаққа қатысты тыйым сақталады. Әдеттегідей мектептер мен балабақшаларда тек кезекші сыныптар жұмыс істейді. Жексенбіде ірі сауда орталықтары мен базарлар істемейді. Ал театрлар мен кинотеатрлардың ашылуына рұқсат етілді. Алайда кафе мен мейрамханаларға келушілер санына шектеу қойылғанымен, уақыты түнгі 2-ге дейін ұзартылып отыр. Ашық аспан астындағы жазғы кафелерге еш шектеу жоқ. Дәрігерлер арнайы нысандарға орнатылған Аshyq жүйесіне бет бұрудың тиімділігіне тоқталды.

Нұрлыбек Мұстаев, БҚО санитария-эпидемиология бақылау департаменті басшысының орынбасары:

Қазірдің өзінде 50-ден аса адамды анықтадық. Оның 22-інде «қызылды» көрсетсе, 30 адам «сары» түспен анықталды. Олар – ауырғандармен байланыста болып, вирус тасымалдаушылар. Соны біле тұра үйде, оқшауда ұстамай, коғамдық орындарға баруын тоқтатпай жатыр.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына орнатылған мобильді қосымшасы арқылы да «сары» түспен – төрт, «қызылмен» – екі адам анықталды. Олар кесел тасымалдаушысы ретінде ішке кіргізілмей, жедел оқшауландырылған.

Бір тәулікте індетпен тағы 2283 адам тіркелді. Ал 20 науқас ажал құшты. Қазір қауіптің «қызыл» деңгейінде 2 қала мен 4 облыс тұр. Елімізде бүгінге дейін жалпы 350 591 отандасымыз КВИ жұқтырған

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде