{metadescription}
Тоқаев талай дау болған заң жобасына қол қойды
Тоқаев талай дау болған заң жобасына қол қойды

Тоқаев талай дау болған заң жобасына қол қойды

Жер шетелдіктерге сатылмайды, жалға да берілмейді. Қандастарға да солай. Талайдан бері дау болған, Парламентте қайтара өзгертулер енгізіліп мақұлданған заң жобасына бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Заң енді 10 күннен соң қолданысқа енеді, ал мәтіні баспасөзде жарияланады.

Бұл заң ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, тіпті қандастарға да сатуға және жалға беруге тыйым салады.

Қазақстандық заңды тұлғаның мүшесі немесе акционері Қазақстан азаматтығынан шығып жатса, өзіне тиесілі ауыл шаруашылығы жерін қайтарып беруі тиіс. Шетелдіктер мен шетелдік қатысуы бар қазақстандық компаниялар да бұрын жалға алған ауыл шаруашылығы жерін мерзімі біткен соң қайтарады.

Заңдағы түзетуге сәйкес, жерді тек жеке орман өсіру үшін ғана өз азаматтарымызға және шетелге қатысуы жоқ заңды тұлғаларға беріледі. Қандастар жеке қосалқы шаруашылық, бағбандық және саяжай құрылысына жер телімін ала алады. Ауыл шаруашылығы жерлерін иемдену үшін азаматтық алу керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.