{metadescription}
Вакцина алғандар арасында 44 адам КВИ жұқтырған
Вакцина алғандар арасында 44 адам КВИ жұқтырған

Вакцина алғандар арасында 44 адам КВИ жұқтырған

Елімізде вакцинаның екі бөлігін толық алғандар арасында коронавирусты 44 адам жұқтырған. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері вакцина алғандарға қатысты бұл мәліметті алғаш рет жариялады.

Манар Смағұл, Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы филиалы директорының орынбасары:

- Негізінен әрбір ковид жағдайы бойынша тексеру жүргізіледі. Яғни ауырған адамның вакцина алған-алмағанын анықтаймыз. Өйткені бұл мәліметтер тіркеліп отырады. Сондықтан бұл айтып отырғанымыз ресми дерек.

Мамандардың айтуынша бала көтеруді жоспарлаған әйелдер вакцинаны бір ай бұрын салдырғаны дұрыс. Өйткені жүктілік кезінде ковид-19-бен ауырып  шығу ауыр тиеді. Пневмония болса, тіпті қиын. Сондықтан ЭКО  бағдарламасымен жүкті болуды жоспарлаған адам бір ай бұрын вакцинаның екі бөлігін алып болуы тиіс. Тіпті Канада, Израиль сияқты елдер жүкті әйелдерге де вакцина салып жатыр. Бірақ клиникалық зерттеулер әлі бітпегендіктен, әзірге осы тәртіпке бағынған дұрыс дейді дәрігерлер. Сонымен қатар вакцина салдырған кезде бірінші мен екінші бөлігінің кезегін шатастырып алса, одан қорқудың қажеті жоқ дейді сарапшылар. Егер алдымен екінші бөлігі салынып кетсе, кейін бірінші бөлігін салдыра берсе болады.

Вячаслав Локшин, ҚР бас репродуктологы:

Бүгінде әлемде бір адамның бес дозаны қабылдаған жағдайы да анықталған. Бірін Израильде, бірін Швецияда. Ол енді медбикелердің қателігі болуы керек. Ондай адамдарды бақылағанда еш қиындыққа ұшырамапты. Тек бастысы, біріншіден, кейін екінші дозаны алуы керек. Осыны дәрігерлер пациентке ескертіп отырса болғаны.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде