{metadescription}
Павлодарда лық толы автобустың жүргізушісі есінен танып, апатқа ұшырады
Павлодарда лық толы автобустың жүргізушісі есінен танып, апатқа ұшырады

Павлодарда лық толы автобустың жүргізушісі есінен танып, апатқа ұшырады

Павлодарда жолаушыға лық толы автобус апатқа ұшырады. Қоғамдық көлік жолдан шығып кетіп, жиектегі жарнама билбордының темір бағанасына соғылған. Жарақат алаған жеті адам аурханаға жеткізілді. Жол көлік оқиғасына не себеп болды? 

Оқыс жағдай бүгін таңертең болды. Адамдар да, көлік те көп жүретін көше. Дәл осы тұсқа келгенде қаладан ауылға қатынайтын автобус жолдан шығып кетіп, жарнама билбордының темір бағанасына соғылған. Соққы қатты болса керек, қоғамдық көліктің алды жапырылып жуан темір де майысқан. 

- Қорқынышты жағдай. Автобус соғылған кезде жолаушылар далаға қашып шықты. Кейбірі жылап жатыр. Мен дереу жедел жәрдем шақырттым. Өйткені жүргізушінің есінен танып қалғанын көрдім. Сол себептен көлік басқарусыз қалып апатқа ұшырады.  

Автобус бір жағына қарай тартып кеткен. Қалғалақтап келіп алдымен жол жиегіндегі жарық шамының бағанасы мен жол белгісін жайпап өтіп, жарнама ілінген темірге соғылып тоқтапты. Ауыр техника осыған тірелмегенде көшедегі адамдарды таптап кетуі мүмкін еді. Ал қоғамдық көлікте 10-ға жуық адам болған. Басым бөлігі жарақат алып ауруханаға түсті.

Эльмира Темірғалиева, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

- Жол апатынан жеті адам түрлі дене жарақатын алған. Арасында 6 және 15 жастағы қыз бар. Облыстық балалар ауруханасында қаралды. Алғашқы медициналық қызмет көрсетілді. Екеуі амбулатория еміне жіберілді.

Жүргізушінің есінен танып қалғанын дәрігерлер де растап отыр. Олардың сөзінше, көлік басқарған кісінің денесі қалтырап, рөлді ұстай алмаған. Соның кесірінен ауыр техника апатқа ұшыраған. Дегенмен полицейлер тексеруге кірісті. Белгілі болғаны, автобус жүргізушісі ішімдік ішпеген екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.