{metadescription}
Қайырымдылық керуені: Елордада 100 түп шырғанақ отырғызылды
Қайырымдылық керуені: Елордада 100 түп шырғанақ отырғызылды

Қайырымдылық керуені: Елордада 100 түп шырғанақ отырғызылды

Үш жылдан кейін елордалықтар шырғанақ жинап, тосап жей алады. Бүгін Тұңғыш Президент музейі алаңындағы саябақта 100 түп жеміс ағашы отырғызылды. «Қайырымдылық керуені» алаңының ашылуына мұрындық болған Нұрсұлтан Назарбаев қоры мен Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы.

Елімізде шырғанақ өсірумен қостанайлық қария Владимир Задонский 30 жылдан бері айналысады. Ол жыл сайын ұйымдастырылатын «Қайырымдылық керуені» сайысында «Қамқор жүрек» номинациясын иеленгенде, ақсақалдың игі ісін көпке үлгі ету көзделіпті.  Бүгінгі шара соның бастамасы. Егер отырғызылған шыбықтар жерсініп кетсе, елордадағы саябақтар әлі де шырғанақ ағаштарына толады.

Әлкей Марғұланұлы, Нұрсұлтан Назарбаев қоры атқарушы директорының орынбасары:

- Дариға Нұрсұлтанқызы, қордың директоры, ол кісі шырғанақ бұтақтарын отырғызып, астанада жеміс-жидек бақтарын ашайық деген идея ұсынған. Міне, біздің шарамыз соның нәтижесі. Қазір біз тек 100-ін тәжірибе түрде отырғыздық. Егер жерсінсе, 1000-ға дейін жыл соңына дейін егеміз. Бұны жыл сайынғы біздің қордың «Қайырымдылық керуені» республикалық сайысының шеңберіндегі дәстүріне айналдырамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде