{metadescription}
Риддерде құрылыс жұмыстары күз түспей аяқталуы тиіс  
Риддерде құрылыс жұмыстары күз түспей аяқталуы тиіс  

Риддерде құрылыс жұмыстары күз түспей аяқталуы тиіс  

Шығыс Қазақстан облысындағы өртке оранған ауылда құрылыс жұмыстары басталды. Бүгін баспанасыз қалғандарға арналған үйлердің алғашқы қадасы қағылды. Жоспармен тамыз айының соңына дейін 31 үй салынуы тиіс.

Алайда зардап шеккендердің кейбірі шешеуніктердің құрылыс жүргізуге таңдаған жер телімі алыс екенін айтады. Сондықтан шаһар орталығына қатынас қиын бола ма деп алаңдайды.

Алапат өрттен зардап шеккен жұртқа жаңа баспана осы жерден салынады. Қазір мұнда құрылыс басталған. Үйлердің орны белгіленіп, қадасы қағылуда.

Жаңа баспананың кілтін алатындардың қатарындағы Юлия Чуприкова орманның ортасында орналасқан Лесхоз кентінде туып-өскен. Алайда өрт 23 жыл бойы тұрып келген үйін күлге айналдырды. Енді жаңа баспана салып береміз дегенге қатты қуанғанымен, шенеуніктердің таңдаған жер телімі тым алыс дейді.

Юлия Чуприкова, Риддер қаласының тұрғыны:

Үйді салып беруге уәде беріп отыр.Барлық су жүйесі баспана ішіне тартылады деп айтты. Бірақ ол жақ маған алыс. Туған- туыстарым осы жерде. Оның үстіне бізге тек үй салып береді. Басқа қосымша құрылыс жұмыстарын өзіміз жүргізуіміз қажет. Қыстың күні отын-суды қайда сақтаймыз? Қора-қопсы салуға да қаражат керек.  

Атқамінерлер жұртқа баспана салуға жер телімін орманнан алыс жазық даладан таңдаған. Нақтырақ айтқанда, Ботаника ықшамауданының шет жағы. Расында бұл шаһар орталығынан тым алыс. Әйтсе де жергілікті билік қараша қатынайтын қоғамдық көлік мәселесін шешіп береміз дейді.

Дмитрий Горьковой, Риддер қаласының әкімі:

Облыста бес мердігер мекеме жұмысын бастады. Қазір құрылыс материалдары жеткізіліп жатыр. Үйлер салынып біткенен кейін, халыққа толық жағдай жасалады. Көшелеріне жарық тартылып, жолына асфальт төселеді. Тұрғындарды тасымалдауға қоғамдық көлік қатынайтын болады.

Өрттен далада қалғандарға 31 баспана тұрғызылады. Көпбалалы отбасыларға да қосымша 10 үй салу көзделуде. Құрылыс күз түспей аяқталуы тиіс. Яғни жұрт тамыз айының соңында қоныс тойын тойлайды деп жоспарланған. Ал оған дейін далада қалғандар туған-туысы мен қонақ үйді паналайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде