Ақтоты Райымқұлова: Мұсайбековтің кінәсі дәлелденсе, орнынан кетеді
Кінәсі дәлелденсе орнынан кетеді. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова істі болып жатқан вице-министр Сәкен Мұсайбековке қатысты ұстанымын айтты.
Автор: Ербол Тұрымбет
14.05.2021
Ақтоты Райымқұлова, ҚР Мәдениет және спорт министрі:
- Бәрінен бұрын Ата заң бойынша алдымен кінәсіздік презумпциясы бар екенін және кінәсі дәлелденуі тиіс екенін ескеруіміз керек. Егер кінәсі дәлелденсе, Конституцияға сәйкес мен отставкаға жіберу жөнінде өтініш жазамын. Қайталап айтамын: егер кінәсі дәлелденсе ғана.
Мәдениет және спорт вице-министрі болған Сәкен Мұсайбеков ақпан айында тергеуге алынды. Ол заңды тұлғадан букмекерлік қызметіне қолғабыс етіп әрі жалпы қамқорлық жасауға пара алған деген күдікке ілінген. Қазір параны берген де, алған да қамауда.
53 жастағы Солтүстік Қазақстан облысының тумасы 2015-2019 жыл аралығында аталмыш қызметте болған. Арада бір жылдан аса ұлттық олимпиада комитетін басқарып, былтыр вице-министр қызметіне қайта оралған. Алайда Мұсайбеков ақпанның 22-сінен бастап еңбек демалысына шықты да, кейін тергеуге алынды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!