{metadescription}
Тоқаевтан сөз естіп қызметінен қуылған Бармақов басшылық қызметке қайта тағайындалды
Тоқаевтан сөз естіп қызметінен қуылған Бармақов басшылық қызметке қайта тағайындалды

Тоқаевтан сөз естіп қызметінен қуылған Бармақов басшылық қызметке қайта тағайындалды

Тоқаевтан сөз естіп қызметінен қуылған автомобиль жолдары комитетінің бұрынғы төрағасы қайтадан жол саласына басшылық қызметке тағайындалды.

Атап айтқанда, сапасыз жолдар үшін жазаланған Сайранбек Бармақов жолдардың сапасын бақылайтын ұлттық орталық бас директорының орынбасары атанды.

Президент осы сапасыз жолдар үшін Бармақовпен қоса үш бірдей облыс әкімінің орынбасарларын да қызметтен босатқан болатын. Ол үшеуі әзірге тыныш. Ал Сайранбек Бармақов жанжал әлі суып үлгермей, осымен екінші қызметке жайғасып үлгерген сыңайлы. Олай дейтініміз, мұның алдында «Қазавтожол» компаниясының Алматы облысындағы филиалына басшы болып тағайындалғаны айтылған. Кейін индустрия министрлігі «ақпарат таратуда түсінбеушілік болған» деп ақталды. Енді айға жетпей, тағы жаңа қызметке тағайындалып отыр. Жол сапасына жүрдім-бардым қарағаны үшін президенттің өзінен ескерту алған шенеунік енді Жол сапасын бақылау ұлттық орталығында бас директордың орынбасары.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде