БҚО: 400-ге жуық киік найзағайдан қырылды ма?
Батыс Қазақстан облысында 400-ге жуық киік қырылды. Түз тағыларының өлексесі Тау ауылы округіне жақын маңдағы каналдың бойында жайрап жатыр. Мамандардың болжауынша, дала жанауарларына найзағай түсіп сіресіп қалған.
Автор: Тәуірбек Бозекенов
14.05.2021
Ал ауыл тұрғындары киіктердің қырылуына қандай да бір кесел себеп болуы мүмкін дейді. Өйткені қазір сүт қоректілердің төлдей бастаған шағы. Ол кезде кез келген жануардың ағзасы әлсіреп, ауру жұқтырғыш келеді екен. Алайда жаппай қырылған киіктердің көбісі төлдеп үлгермеген. Сондықтан мамандар дала жануарларына жай түсті деген болжам айтуда.
Арман Ізімғалиев, БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы:
- Киіктердің қырылу себебі қолайсыз ауа райынан болуы мүмкін. Себебі, киіктердің ұрғашыларында найзағайдың заряды мен зақымданған механикалық жарақаттары бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!