{metadescription}
«Астана ЛРТ» ісі: айыпталушыларға 7 жылдан 11 жылға дейін жаза сұрады
«Астана ЛРТ» ісі: айыпталушыларға 7 жылдан 11 жылға дейін жаза сұрады

«Астана ЛРТ» ісі: айыпталушыларға 7 жылдан 11 жылға дейін жаза сұрады

Астана ЛРТ ісі бойынша прокурор айыпталушыларға 7 жылдан 11 жылға дейін жаза сұрады. Айыпталушылар қатарында 7 адам. Олар елордадағы жеңілрельсті көлік жобасына деп бөлінген қаржының 5 миллиард 800 миллион теңгесін жымқырды деген күдікке ілінген.

Жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары басқармасының бұрынғы басшысы Рашид Аманжоловқа прокурор 11 жыл, қалалық мәлихаттың бұрынғы депутаты әрі хатшысы Жанат Нұрпейісовке 9 жыл жаза сұрады. Нұрпейісов «Құрмет» орденінен де айырылады. Ал Astana Innovations акционерлік қоғамының бұрынғы төрағасы Талғат Әшімге 7 жыл беру керек дейді мемлекеттік айыптаушылар.

Мердігер компанияның төрт өкілі де бар. Олардың ішінде Дулат Мусеновке 7 жыл, Тимур Қасабаевқа 8 жыл сұрады. Ал Ұлықбек Ачилов пен Дәурен Әбдіхамитовқа 11 жылдан берілуі мүмкін.

Дәурен Әбдіхамитов бір кездері «Қазақстан» Телерадиокорпорациясын басқарып, кейін «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен «Қазақфильмде» де басшылық қызметте болған. Ақша жегендердің қатарында бұл жетеуден бөлек, «Астана ЛРТ» компаниясын басқарған Талғат Ардан мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары болған Қанат Сұлтанбеков те бар. Бірақ бұл екеуі шетелге қашып кеткен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде