Ертістің жағасы қоқыс полигонына айналды
Семейде Ертіс өзенінің жағасы қоқыс төгетін полигонға айналды. Тіпті үйілген тұрмыстық қалдықтар өзенге қосылып, су ластана бастаған.
Автор: Ұлан Нұрахмет
17.05.2021
Николай Исаев, Семей қалалық қоғамдық кеңестің өкілі:
- Өзеннің жағасы қоқыстан көз ашпай тұр. Ал бұл ешкімді елеңдетпейді. Судың бетінде тұрмыстық қалдықтар қалқып жүр. Бұның соңы экология апатына ұласуы мүмкін. Ресей не Павлодар обылысы біздің билікті сотқа беруі де мүмкін.
Көктем шыққалы Ертіс өзенінің деңгейі көтерілген. Сол себепті жағада жатқан тұрмыстық қалдық кетіп жатыр. Арасында күл-қоқыс та бар. Ал су бетінде қалқыған пластик құтылардан көз сүрінеді. Алайда жергілікті шенеуніктер өзеннің ластануына саяжай тұрғындары мен өзен жағасына жақын тұратын жұртты кінәлап отыр. Мамандардың мәлімдеуінше, қараша тазалыққа жауапты мекемеге ақша төлегісі келмейтін көрінеді. Сондықтан тұрмыстағы қоқсықты оңды-солды төгуді әдетке айналдырған дейді атқамінерлер.
Руслан Серғазин, Семей қаласы ТКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы:
- Шаһардың 70 пайыз тұрғыны ғана тазалыққа жауапты мекемемен кілісімшарт жасаған. Қазір барлығын қамтуға кірістік.Жұртқа түсіндіру жұмысын жүргіздік. Ертіс өзенінің жағасы қоқыс төгетін жер емес екенін айттық. Бүгінде өзен жағасын тазарту жұмысы жүргізіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!