{metadescription}
Жүйткіген көліктен құлаған үш жасар қыз аман-есен – Алматы облысы
Жүйткіген көліктен құлаған үш жасар қыз аман-есен – Алматы облысы

Жүйткіген көліктен құлаған үш жасар қыз аман-есен – Алматы облысы

Алматы облысында үш жасар қыз жүріп бара жатқан көліктен құлап түсті. Оқыс жағдай сол бағытта кетіп бара жатқан басқа көліктің бақылау камерасына түсіп қалған.

Көк түсті темір тұлпар жол ортасынан солға бұрылған сәтте кенеттен алдыңғы есігі ашылып, көлік ішіндегі қыз жерге құлайды.

Балақай ешнәрсені аңғармай, саспай орнынан тұрды. Көлікті тізгіндеген анасы екен. Жанұшыра жүгіріп келіп көтеріп алып кетті.

Полиция оқиғаның бүгін таңертенгі сағат 10 шамасында Іле ауданына қарасты Өтеген батыр ауылында болғанын айтады. «Хюндай» көлігінің 32 жастағы жүргізушісі енді айыппұл төлейді. Өйткені бүлдіршін сол сәтте қауіпсіздік белдігінсіз, балаларға арналған орындықсыз отырған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде