{metadescription}
Ұқыпты киінген еркектің телефоны мен ақшасы да ұрланбапты – Кім өлтірді? 
Ұқыпты киінген еркектің телефоны мен ақшасы да ұрланбапты – Кім өлтірді? 

Ұқыпты киінген еркектің телефоны мен ақшасы да ұрланбапты – Кім өлтірді? 

Алматыда денесі табылған адамның жеке басы анықталды. Қазір 49 жастағы азаматты өлтіріп көшеде тастап кеткендер іздестірілуде.

Райымбек даңғылының бойында қанға бөгіп жатқан марқұмды алғаш болып тұрғындар түнгі сағат 12 шамасында көріпті. Олар бірден полиция шақыртқан. Ұқыпты киінген жігіт ағасының қалтасындағы ұялы телефоны мен ақшасы да ұрланбапты. Талғар ауданынан қалаға қатынап нәпақа тауып жүрген кісіні әлдекім басынан қатты затпен ұрған. Дәрігерлер сол жарақатынан өлді деген қорытынды шығарды. Қылмыс Алтын орда базарына жақын «Нұрлы дала» тұрғын үй кешенінің жанында болған. Тәртіп сақшылары қазір аталмыш іске қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде