{metadescription}
Барлық мектепте арнайы күзет пайда болады
Барлық мектепте арнайы күзет пайда болады

Барлық мектепте арнайы күзет пайда болады

Қазақстандағы білім беретін ұйымдарда қауіпсіздік барынша күшейтіледі. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, елдегі барлық мектепте арнайы күзет пайда болады.

Үкіметтің мұндай шарасына ата-аналар бір тиын шығармайды, қажет қаржы бюджеттен бөлінеді.

Мектептердегі қауіпсіздікті күшейтуге шенеуніктер Татарстандағы оқиғаға дейін кіріскен екен. Тіпті Үкіметтің қаулысы атыс болған күнге дейін шығыпты. Сол құжаттың негізінде полицейлер Қазақстандағы мектептердің лаңкестік әрекетке дайындығын тексеріп жатыр.

Бүгінгі күнге шейін елдегі оқу орындары қалтасына қарай көсіліп келген. Қауіпсіздік құрылғылары жоқ мектептер де бар.

Енді оқу орындары бейнебақылау камералары, дабыл түймешегі, рұқсатпен кіру жүйесі және арнайы күзетпен қамтылады. Министрлер кабинеті мектепке әкелуге тыйым салатын заттардың тізімін де жасаған.

Мұрат Баймұқашев, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы:

- Мектепке әкелуге тыйым салатын заттардың санатына қару-жарақ, пышақ, айырсадақ, кастет және соған ұқсас заттар кіреді. Жарылғыш құралдарына ұқсайтын затты, аэрозоль бояуын, пиротехникалық зат пен газ баллоншасын білім беру мекемесіне әкелуге тыйым салынған. Тізім жылдың басында жасалды. Ал оған қатысты бұйрық әділет министрлігіне жіберілген. Осы құжатты тіркеуге алу қажет.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде