Үнді шайы қымбаттауы мүмкін
Елімізде үнді шайының бағасы 10 пайызға өсірілуі мүмкін. Бұған Үндістандағы эпидахуалдың ушығуы себеп. Әлемнің жартысын шаймен қамтып отырған Ассам штатының 90 плантациясында кесел кеулеп жатыр. Онда жұмыс істейтін 500-ден астам адам вирус жұқтырған. Жұмыстың тұралауына байланысты баға қымбаттауы мүмкін.
Автор: Салтанат Шырынхан
17.05.2021
Мамандар тез арада жағдай оңалмаса, шай жапырақтары уақтылы жиналмай қалуы мүмкін. дейді. Өңірдегі қуаншылық та жығылғанға жұдырық болған. Осылайша қазақстандықтардың ең көп тұтынатын сусынының бағасы 10 пайызға дейін өсуі ықтимал. Ал елімізге шай тасымалдаумен айналысатындар әзірге елімізде жағдай тұрақты дейді. Өйткені қордағы былтырғыдан қалған тауарлар әлі толық сатылып бітпепті. Оны ескі бағасымен өткізеді. Ал биылғы сұрыптың құны жеткізілгеннен соң ғана есептеледі. Дегенмен қазір дүкен сөрелеріндегі ең арзан шай қорабы 700 теңгеден басталады.
Тереза Ленова, компания басшысы:
- Карантин кезінде баға біршама көтерілді. Жалпы үнді ғана емес, шайдың барлық түрі қымбаттаған. Одан бөлек, доллар шарықтағанда да екі есеге бағасы өскен еді. Енді соңғы жағдайлардан кейін тағы 10 пайызға дейін көтерілуі әбден мүмкін. Бұл еліміздегі шай жеткізушілерге байланысты. Мәселен, қазір Ассам шайының 100 грамы 1500 теңгеден басталып, 3000 теңгеге дейін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!