{metadescription}
Көлік гаражы арақ құятын цехқа айналған – Көкшетау
Көлік гаражы арақ құятын цехқа айналған – Көкшетау

Көлік гаражы арақ құятын цехқа айналған – Көкшетау

Көкшетауда көлік қоятын гаражын арақ құятын цехқа айналдырған 33 жастағы азамат ұсталды. Ол көлеңкелі кәсіппен бір жылдан аса айналысқан.  

Қала сыртындағы «гараждар кооперативі». Мұнда астыртын арақ құйып саудаға шығарған азамат кәсібін карантинде де дөңгелетіп келген. Полиция кіріп келіп тап үстінен түскен. Гаражда 600 литр сұйықтық болған. Оның 300 литрі дайын өнім, яғни саудаға шығаруға дайын ащы су. Ал 300 литрі таза спирт екені анықталды.

Гүлнәр Пинчук, Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Қазір іс мемлекеттік кіріс департаментіне жіберілді. Қанша шығын келді, қанша ішімдік сатылды, соны тексереді. Ал полиция спирттің қайдан алынғанын анықтап жатыр. Спирттің құрамы да тексеріледі. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде