Өртенген қураған шөп ауылға қауіп төндірді – Ақмола облысы
Ақмола облысында далада өртенген қураған шөп Алексеевка ауылына қауіп төндірді. Жел екепінімен күш алған тілсіз жауды ауыздықтауға тіпті өрт сөндіру пойызын шақыртуға тура келді.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
18.05.2021
Дала өртінен екі гектар аумақ күлге айналды. Ауылдан таяқ тастам жерде тұтанған отты аңызақ жел үдетіп әкеткен. Құтқару қызметі жедел жеткенімен, өршеленген өртті тоқтату мүмкін болмапты. Алексеевка ауылы тұрғындары да, жергілікті серіктестіктер де техника әкелген. Өрт теміржолдан асса ауылды да шарпитын еді. Сондықтан өрт сөндіру пойызы жұмылдырылып, өрт сегіз сағатта ауыздықталды.
Ерлан Молдаханов,Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары:
- Өрттің ауылға таралып кетуі әбден мүмкін еді. Өйткені аңызақ желдің бағыты да солай қарай ауды. Араны тек теміржол бөліп тұрды. Өрт сөндіру пойызы болмағанда жағдай қиын еді. Өрт тұрғындардың абайсыздығынан шығуы мүмкін. Екі гектар алқап жанып кетті. Зардап шеккендер жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!