{metadescription}
Бір кездері миллионға жуық киік үш есеге кеміген
Бір кездері миллионға жуық киік үш есеге кеміген

Бір кездері миллионға жуық киік үш есеге кеміген

Киікті қыру қайта көбейген. Жыл басынан бері 29 заңсыз аңшылық анықталыпты. Бұл былтырғы көрсеткіштен екі есе артық. Оның өзі тек ресми тіркелгені ғана, қандықол браконьерлердің ұсталмай жүргені қаншама. Бір кездері миллионға жуық киік саны қазір үш есе кеміген.

Бірақ бұл да нақты сан емес. Өйткені пандемия кесірі киік санын есептеуге де кесірін тигізіп отыр. Қазір даламыздың еркесіне айналған түз жануарлары төлдейтін мезгіл. Тәй-тәй басқан құралайларды біздің тілшілеріміз де көріп келді.

Осыдан 30 жыл бұрын қазақ даласында миллионға жуық киік өріп жүріпті. Қазіргі саны 350 мыңға жетпейді. Мамандар шын мәнінде одан да көп болуы мүмкін екенін айтады. Өйткені санақ соңғы рет 2019 жылы жүрген. Одан соң пандемиядан бұл шаруа қолға алынбады.

Ақмола облысының бұл тұсы нағыз киік жайлайтын жер. Инспекторлар өз арасында бұл жерді «перзентхана» деп атап кеткен. Құралай қаптап дүниеге келетін жер де осы.

Достай Нұрбеков, «Охотзоопром» РМКК орталық филиалының басшысы:

- Осы жерге ақырындап жинала береді. «перзентхана» дейміз. Осы жерге шоғырланады, осы жерде төлдейді. Ауа райымен, жем-шөбімен қолайлы. Табиғаттың өзінің несі, жылдан-жылға осы жерге жиналады. Осы жерге төлдеуге. Сосын кейін, аң деген бір жерге төлдесе, сол жерге қайтып келеді ғой. Өз ұрпағын алып келеді. Осы жерде тағы да төлдейді, сонымен жалғаса береді.

Тәлтіректеп қашып бара жатқан құралай ары кетсе, шамамен екі сағат бұрын ғана туылған. Арқаның желімен денесі лезде құрғап, аз уақытта жүріске жарап қалған. Енді екі күнде бұлар үйірмен бірге өруге жарап шығады. Соңғы жылдары киік санының өсуіне заң жүзінде біраз жағдай жасалса да, ебін тапқандар екі асап тұр. Жаза қатайттылып, 12 жыл түрмеге жабамыз десе де, бәрібір жолын тауып тыңғылықты дайындықпен келеді дейді мамандар.

Жүсіп Құсайынов, «Охотзоопром» РМКК орталық филиалының инспекторы:

- Бұрындары әбден жарақтанған жол талғамаайтын көлікпен жүретін. Асты биіктетілген көлікпен жанармайы толық жүретін. Осы жақтың адамдары болғандықтан жерді де жақсы білетін. Сондықтан біз қанша жедел әрекет етсек те, олар бәрібір сытылып кететін. Былайша айтқанда, біз олармен қуыспақ ойнап жүргендей болатынбыз.

Қазір инспекторлардың көлігі браконьерлердікінен кем емес. Әрі қару ұстап жүруге рұқсат. Дегенмен киік мүйізінің келісі қара нарықта бірнеше мың долларға бағаланатынын ескерсек, бұл тосқауыл болады дегенге сену қиын. Ал бір келі мүйіз алу үшін екі текені атып алса болғаны. Жыл басындағы үш айда 55 бөкен аңшылардың қолынан өлгені соған дәлел.

Ақбөкендердің онсыз да қаскөйлерсіз-ақ қырылып жатқаны әмбеге аян. Жуырда ғана батыс өңірде 400 киіктің өлексесі табылған. Көбі әлі төлдеп үлгермеген, буаз. Болжаммен найзағайдан опат болды дегенімен, тұрғындар сенген жоқ. Олар киіктің қырылуына ауру себеп деп күдіктенеді. Алты жыл бұрын ғана пастереллезден 120 мың бас киік қырылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде