Халықтың комқызметке берешегі 15 миллиард 400 миллионнан асқан
Халықтың коммуналдық қызмет ақысына берешегі артқан. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, бүгінде тұтынушылардың берешегі шамамен 15 миллиард 400 миллион теңгеден асады. Бұл былтырғы қарыздан 600 миллион теңгеге артық.
Автор: Ербол Тұрымбет
18.05.2021
Қарызы қордаланып қалғандар арасында 5 өңірді ерекше атап өтуге болады. Шымкент қаласы тұрғындары 3 миллиард теңге қарызға батқан. Елордалықтар 2 миллиард 900 миллион теңге болса, алматылықтардың берешегі 2 жарым миллиард теңге. Қызылорда облысы 1 миллиард 200 миллион, Маңғыстау облысы тұрғындары 1 миллиард теңге төлей алмай жүр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!