{metadescription}
Ақтауға ауызсу тек бір айдан кейін беріледі
Ақтауға ауызсу тек бір айдан кейін беріледі

Ақтауға ауызсу тек бір айдан кейін беріледі

Ақтауға ауызсу тек бір айдан кейін беріледі. Себебі, шаһарды тіршілік нәрімен қамтып отырған мекемеде жоспарлы жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Сондықтан тұрғындар суық суды там-тұмдап тұтынуға мәжбүр. 

Ақтау қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердегі көрініс. Жоғарғы қабатта тұратындарға су таңертең – бес, кешке бес сағат қана беріледі. Қалған уақытта тіршілік нәрі тоқтайды. Себебі, ауыз судың екпіні бірінші, екінші қабаттан ары аспайды. Өйткені сумен қамтитын мекемеде жөндеу жүргізіліп  жатыр. Жауаптылардың айтуынша, қазір қалаға тек 40 мың текше метр су берілуде. Тұрғындарды толық қамтуға тағы қосымша 7-8 мың текше метр су керек. Жөндеу жұмысы аяқталса, қалаға 52 мың текше метр су беріледі деп отыр. Әкімдіктегілер тұрғындарға тағы бір ай шыдау керек дейді. Тіпті суды үнемдеу мақсатында Ақтаудағы монша, көлік жуу орталықтарының да жұмысы бір айға уақытша тоқтатылған.  

Серік Гусман, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары:

- 10-маусымға дейін ауыз су тапшылығы туындауына байланысты су мәселесін шешу жоспарымен қаладағы бірқатар коммерциялық нысандарға ауыз су мәселесін тоқтату туралы шешімі қабылданды. Бұл уақытша шара. Қалада жаңадан су тұшыту зауытын салу жоспарда бар. Қазір инвесторлармен келіссөз жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде