{metadescription}
Қаратүнектен шошыған теріскей жұрты үйіне тығылды...
Қаратүнектен шошыған теріскей жұрты үйіне тығылды...

Қаратүнектен шошыған теріскей жұрты үйіне тығылды...

Тұрғындарды тіксінткен түнек. Табиғаттың тосын мінезі теріскей жұртын шошытты. Бірнеше ауданды бір уақытты құмды дауыл басты. Тұрғындар жарыса әлеуметтік желіде сирек көріністі жариялап жатыр.

Түс уақытында көтерілген құмды дауылдан әп-сәтте айнала қаратүнекке айналды. Мұндайды бұрын көрмеген тұрғындардың көбі қайтерін білмей үйіне тығылса, бірсыпырасы дауылды қызық көріп камерасына түсіріп әлек. Ақжар, Уәлихан, Тайыншы аудандарын дәл осындай құмды дауыл басты. Желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жеткен. Қазгидрометтің мәліметінше, өңірдегі мұндай құбылыс температураның күрт құбылуынан және қуаңшылықтан болған. Оның арты жауын-шашынға ұласады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде