{metadescription}
Ковид жұқтырғандар қауіп тудырып отыр  
Ковид жұқтырғандар қауіп тудырып отыр  

Ковид жұқтырғандар қауіп тудырып отыр  

Үй карантинін сақтамайтындар қиындық туғызып тұр. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ковид жұқтырғандар үйінде отырмай, қоғамдық орындарға барып жүр. «Ашық» қолданбасы енгізілгелі бері «қызыл» және «сары» түсті 3 мыңнан аса адам анықталған.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Осы статистика жағдайды жете түсінбейтін кейбір азаматтардың үй карантині талабын сақтамайтынын көрсетіп отыр. Олар адам көп жиналатын жерлерге барғысы келеді. Одан қалды, ел ішін аралап жүр. Айналасындағыларға, ұшақ жолаушыларына ауру жұқтыру қаупін туғызады.

ашық 12-мамырдан бастап елорда мен Алматы әуежайларында қолданыла бастаған. Содан бері екі әуежайға кірмекші болған 37 адам науқас пен олармен байланыста болған 37 адам анықталыпты.

Елде анықталған сол 3256 адамның арасында 1900-ге жуығы ПТР-тестімен анықталған науқастар. Қалғаны науқаспен байланыста болғандар. «Ашық» қолданбасы алғаш 18-қаңтарда пилоттық жоба ретінде енгізілген. Кейін сәуірден бастап бүкіл ел аумағында қолданысқа түсті. Қазір оған әр саладағы 6 мың нысан кірген. Қолданушылар саны 1 жарым миллионға жуықтады. Үкімет басшысы Асқар Мәмин денсаулық сақтау министріне вакцина қарқынын түсірмей әрі вакцинаның екі бөлігінің аралық уақытын нақты белгілеуді тапсырды.

Асқар Мәмин, ҚР премьер-министрі:

Қоймалар мен медициналық ұйымдарда вакцинаның бірінші және екінші компоненттері жеткілікті көлемде бар. Өңірлерде вакциналауды арттыру бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Әкімдер мәселені ерекше бақылауда ұстасын. Адамдарға вакцинаны таңдау құқығы және тиісті ақпарат берілуі тиіс. Әсіресе, денсаулық сақтау министрлігі вакциналау арасындағы интервалды нақты анықтап, халықтың қалауына назар аудару керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде