{metadescription}
Төртінші қабаттан құлаған бір жасар бала аман қалды
Төртінші қабаттан құлаған бір жасар бала аман қалды

Төртінші қабаттан құлаған бір жасар бала аман қалды

Нұр-Сұлтанда бір жасар бала төртінші қабаттан құлап аман қалды. Ауыр жарақат алған бүлдіршін жансақтау бөлімінде жатыр.

Үйде баланың анасы және екі жасар ағасы жүрген. Анасы кір жуып жатқан кезде бала терезеге шыққан екен. Масадан қорғайтын торға сүйенген ол төртінші қабаттан құлап кеткен.

Осындай оқыс оқиғалар соңғы уақытта жиілеп кетті. Мәселен бір ғана Шығыс Қазақстан облысында соңғы үш жылда 24 бала терезеден құлаған.  Оның төртеуі қайғымен аяқталған.

Төтенше жағдайлар департаменті көпқабатты үйлердегі пәтер терезелерді қорғаныш құралдарымен бекітуге көшті.

Жадыра Аманғалиқызы, ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің бас маманы:

- Көп балалы аналардың үйлерінде терезелерге бекіткіш орнаттық.  Осындай шаралар өте қажет. Өзге де мемлекеттік органдар атсалысып, қосылып қолдайды деген үміттеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде