{metadescription}
Бес қабатты үйдегі тұрмыс техникалары әп-сәтте күйіп кетті
Бес қабатты үйдегі тұрмыс техникалары әп-сәтте күйіп кетті

Бес қабатты үйдегі тұрмыс техникалары әп-сәтте күйіп кетті

Алматыда бес қабатты тұрғын үйдегі жұрттың тұрмыстық техникасы бір сағатта күйіп кетті. Бұған жертөледегі тоқ кернеуінің күрт артуы себеп болған.

Алла Ткаченко, Алматы тұрғыны:

- Аяқ астынан модем, теледидар – бәрі өшіп қалды. Шам жыпылықтай бастады. Жарықты өшіріп далаға жүгіріп шықтым. Үйге қайтып оралғанымда радиотелефон мен шамның күйіп кетіпті.  

Кей пәтерде қымбат тоңазытқыш, енді біріндегі жаңа теледидар жарамсыз күйге түскен. Тұрғындардың айтуынша, электр жүйесіндегі апат мұнда алғаш рет болып отырған жоқ. Бұған дейін де талай техника істен шыққан. Шаш етектен шығынға батқан жұрт мәселенің себебін анықтау үшін электриктерді шақырған. Ал олар жертөледегі желілердің әбден ескіріп, әрең ілініп тұрғанын айтады. Ал үйге қызмет көрсететін компания оны жөнге келтіруге құлықсыз. Тұрғындар жұмысына салғырт қараған пәтер иелері кооперативінен шығынды өндіріп беруін талап етіп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.