Алматыда автобус қаққан әйел тіл тартпастан көз жұмды
Алматыда бір әйелді автобус қағып өлтірді. 46 жастағы әйел қатты соққыдан тіл тартпай кеткен. Ал қоғамдық көлікке жауапты компания марқұмды соққан жүргізуші таңертең толық тексерістен өтіп сапарға шыққан деп отыр.
Автор: Салтанат Шырынхан
19.05.2021
Бақытжан Рыспаев, «Бату Транс» ЖШС директоры:
- Қалай болғаны бізге де түсініксіз. Талдаймыз, жұмыс істейміз. Қайтыс болған азамат Зафереди Ирина Анатолиевна. Заң бойынша да, адамгершілік тұрғыдан да сол отбасымен жұмыс жүргіземіз. Заңға сәйкес қандай төлем төленеді, оны төлейміз.
Қайғылы оқиға таңсәріде Жангелдин мен Пестковский көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша, № 208 бағыттағы автобус әйелді жаяу жүргіншілер жолағында қаққан. Алғашында адам өтпек болғанын байқаған ол тоқтауға әрекет жасағанымен, үлгермеген. Ал қоғамдық көлік жаншып өткен әйел сол жерде көз жұмды. Марқұмның артында 80 жастағы анасы мен шетелде оқитын бір қызы қалған. Полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!