Елбасы: Шекара қауіпсіздігін әлі де күшейту керек
Шекарадағы қауіпсіздікті әлі де күшейту керек. Бүгін Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізген Елбасы төңіректе болып жатқан жағдайлардан соң, шекара қызметін жетілдіру жолдарын нақтылап, тиісті тапсырмалар берді.
Автор: Ербол Тұрымбет
19.05.2021
Нұрсұлтан Назарбаев, Елбасы, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы:
- Қазақстан, өздеріңіз білесіздер, кез келген жанжалды бейбіт жолмен шешу саясатын ұстанып келе жатыр. Көршілермен түсініс бар. Шекарамызды шегендедік. Бүгінгі күні қауіп жоқ сияқты көрінеді. Бірақ мықты армия – әрқашанда ел қауіпсіздігінің кепілі.
Қауіпсіздік кеңесінің отырысында екі мәселе қаралды: қарулы күштер мен әскери құрылымдардың 2030 жылға дейінгі құру, даму тұжырымдамасының жобасы және шекара қауіпсіздігі. Шекара қауіпсіздігі күн тәртібінің өзекті тақырыбына айналды. Қазір шекара қауіпсіздігі қайта назар аударуды қажет етеді. Қарапайым мысал, былтыр күллі жаһан экономикасы құлдырап жатқанда әскери шығын көлемі 4 пайызға, яғни, 1 триллион 800 миллиард долларға артқан. Оның үстіне қазір ассиметриялық және гибридті қауіпке дайын болуымыз керек. Әрі территориялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде шекара қауіпсіздігін де кешенді түрде қарастыруды тапсырған Елбасы, бұл жоспар алдағы он жылдықты қамту керектігін ескертті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!