{metadescription}
Биылғы санақта қандай сұрақтар қойылады?  
Биылғы санақта қандай сұрақтар қойылады?  

Биылғы санақта қандай сұрақтар қойылады?  

Биылғы халық санағында қазақстандықтарға қойылатын сұрақ саны 87-ге дейін ұлғайтылған. 2009 жылғы санақта барлығы 73 сұрақ болған. Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, сұрақ ауқымы көші-қон, еңбекпен қамту, неке жағдайы, бала туу және тіл білуге қатысты сұрақтармен кеңейтілген.

Биылғы санақтың ерекшелігі – заманауи сандық технология. Қыркүйектен бастап Sanaq.gov.kz арнайы сайты жұмысын бастайды. Онда ел азаматтары сауалнама парақтарын 15-қазанға дейін онлайн режимде өз бетінше толтыра алады. Ал дәстүрлі, яғни үй аралап санау қазанның 1-30 аралығында өтеді. Сайт арқылы онлайн-санақтан өтпегендер сол аралықта саналады. Дәстүрлі санақ кезінде уақыт пен жұмыс көлемін азайтуға электронды планшет қолданылады.

2009 жылғы санақта қазақстандықтар саны 16 миллион 480 мың болған. Статистика бюросының қазіргі болжамы бойынша еліміздегі халық саны 19 миллионға сәл жетпей тұр. Халыққа қойылатын 87 сұрақтың 67-сі – негізгі, 20-сы нақтылаушы сұрақтар.

Ұлттық статистика бюросы:

- 2021 жылдың санағында көші-қон, еңбекпен қамту, неке жағдайы, бала туу және тіл білуі бойынша сұрақтар аясы кеңейтілген. БҰҰ-ның мүгедектік статистикасы жөніндегі Вашингтон тобымен ұсынылған жаңа сұрақтар қосылды. Мұнда мүгедектік өлшемдерін ескеріп, денсаулық сақтау статистикасы аясында халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал ету көзделген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.