{metadescription}
Атырауда ұсақ кәсіпкерлерді әкімдік пен полиция қыспаққа алып жатыр
Атырауда ұсақ кәсіпкерлерді әкімдік пен полиция қыспаққа алып жатыр

Атырауда ұсақ кәсіпкерлерді әкімдік пен полиция қыспаққа алып жатыр

Атырауда шағын кәсіптің көзін тапқандар шу шығарды. Жазғы алаңқайларда ойын құралдарын жалға беретіндер әкімдік пен полиция кезек-кезек қыспаққа алады деп налыды. Өйткені ешқайсысының қолында кәсібін дөңгелетуге болады деген рұқсат қағазы жоқ.

Ал заң аясында жұмыс істейін десе жауапты мекемелердің қырық сылтауы бітпейтін көрінеді. Маусымдық жұмысқа кірісе алмай жүрегендердің базынасын тілшіміз тыңдап келді.    

Зейнет жасындағы Нұржамал апайдың тұрақты жұмысы жоқ. Ол қаладағы саябақтарды аралап, балалар ойыншықтарын жалға берумен айналысады. Бірақ бір жерде тұрақтаудың сәті түспей жүр. Өйткені тәртіп сақшылары қудалап, жұмыс істеуге кедергі келтіреді дейді.

Нұржамал Өтеуәлиева, кәсіпкер:

- Қойған әр затқа 150 теңгеден төлейсің деді. Біз ашқан аузымызды жұма алмай қалдық. Бізге ондай баға бармайды. Мысалы, үш нәрсем бар. Оған 450 мың теңге төлей алмаймын.

Нұржамал Өтеуәлиева секілді маусым жұмысын бастай алмай жүргендер жетерлік. Өйткені ешқайсысының заңды кәсіппен айналысуға рұқсаты жоқ. Ал оны алу мүмкін емес дейді. Сондықтан асай-мүсейін арқалап орталық алаң мен саябақтарда жалтақтап жұмыс істеуге мәжбүр.

Күләнда Сейсенбаева, кәсіпкер:

- Бір жерді береміз деген соң, бір демалыс қолға күрек ұстап ластан тазаладық. Екі күннен соң бізді қуып шықты, тазалап болғаннан кейін. Шымкенттіктерге апарып сатып жіберді.

Әкімдік өкілдері кәсіп иелеріне тиісті орындарды аукционнан үлестірмекші. Тек содан кейін ғана заңды жұмыс істейтіндерге қудалау болмайды деп сендірді. Алайда аукцион өтіп, құжаттар әзірленгенше жаз аяқталып, саябақта адам аяғы саябырсып қалады дейді кәсіпкерлер.

Омаров Ерболат, Атырау қаласы әкімінің орынбасары:

- Келесі апта конкурс жарияланғаннан кейін жеңімпаз белгіленеді. Сертификаты бар, кәсіпкерлікті дәлелдейтін құжаттарын тапсыруына байланысты. Мүмкіндік болса бір күнде аяқталады. Қонкурс жарияланғаннан кейін, оның өз процедурасы бар.

Жиналған жұрт қала әкімінің орынбасарынан саябақта уақытша болса да жұмыс істеуге рұқсат беруін өтінді. Алайда шыр-пыр болғандардың шағымына шенеуніктер құлақ аспады.      

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде