«БҚО-да киіктер тірідей көмілген» деген ақпарат – жалған
Батыс Қазақстанда киіктер тірідей көмілген» деген ақпарат жалған болып шықты. Тәртіп сақшыларының мәлімдеуінше, әлеуметтік желіде тараған видеода бар болғаны жалғыз ақбөкеннің шалажансар жатқаны түсірілген. Оның өзі дін аман үйіріне қосылыпты. Сондықтан бұл іске қатысты ешкім жауапқа тартылмайды.
Автор: Руслан Әбдіхалық
19.05.2021
Мөлдір Садырғалиева, БҚО ПД баспасөз қызметінің маманы:
- Аталмыш жайтқа қатысты қылмыстық, әкімшілік іс қозғалған жоқ. Өйткені оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы ол жерде расымен өлген ақбөкендердің арасында біреуі тірі екенін анықтап, мал дәрігері тексергеннен кейін үйірінп қосылғаны анықталды.
Бұған дейін қынадай қырылған дала еркелерінің видеосы тараған. Кейін өңірдегі орман және жануарлар дүниесін қорғау аумақтық инспекциясы киіктерге найзағай түсіп өлген болуы мүмкін деген болжам айтқан. Кейін түрлі аурулар тарап кетпес үшін өлекселелерді дереу жинап көзін жоюға кіріскен. Жарияланған таспада жалғыз ақбөкеннің жер бауырлап тұра алмай жатыр. Бұны аңғарған жергілікті тұрғындар «киіктерді тірідей көміп жатыр» деп шуласты. Ал бүгін бұл деректің өтірік екені айтылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!