COVID-19: 761 науқастың жағдайы өте ауыр
Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша қайтадан «қызыл» аймаққа кірді. Өйткені өңірлерде індет жұқтырғандардың саны күрт көбейген. Оосыған дейін «сары» аймақта болған Ақтөбе облысы мен Шымкент қаласы «қызылға» еніп, қазір қауіптің жоғарғы деңгейінде тұр.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
19.05.2021
Бұл тізімде Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы мен Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары бар.
Ковидпен ауруханада жатқан 761 науқастың жағдайы өте ауыр. Республика бойынша індетке қарсы вакциналау қарқыны бәсеңдеген. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, екпенің екі компонентін толық салдырғандардың саны 800 мыңнан енді асты. Осыған қарағанда вакцина алғандар санын мамырдың соңына дейін 2 миллион адамға жеткіземіз деген министрліктің жоспары бұл жолы да жүзеге аспайын деп тұр. Ал дерт жұқтырғандар кешелі бері 2 мың 18 адамға толықса, қос өкпесі қабынғандар 124 адамға арта түсті. Соңғы тәулікте аурудан көз жұмғандар тіркелген жоқ.
Пандемия басталғалы ковид үш жүз алпыс төрт мың қырық сегіз адамнан табылды. Пневмонияға шалдыққандар саны 54 277 жанға жеткен.
«Қызыл» аймақ: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласы мен Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан мен Қарағанды облысы
«Сары» аймақта: Алматы, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары бар.
«Жасыл» аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстары.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!