{metadescription}
Статистика: Жұмыс орнында 462 адам мертігіп, 59-ы қайтыс болған
Статистика: Жұмыс орнында 462 адам мертігіп, 59-ы қайтыс болған

Статистика: Жұмыс орнында 462 адам мертігіп, 59-ы қайтыс болған

Елімізде жұмыс орнында жарақат алғандар көбейген. Жыл басынан бері төрт айда 462 адам мертіккен. Бұл былтырғы салыстырмалы кезеңнен 11 пайызға көп. Солардың ішінде 59-ы өмірімен қош айтысқан.

Өкініштісі, мұндай статистика жыл өткен сайын ұлғайып келеді. Былтыр мемлекеттік еңбек инспекторлары төрт мыңнан аса тексеру жүргізіп, 7 мыңнан астам заңбұзушылық анықтаған. Ал кәсіпорындар мен еңбек ұйымдарында жазатайым зардап шеккендер саны мың жарым адамға жеткен. Қайтыс болғадары – 208. Бұл алдыңғы жылдан 15 жарым пайыз өскенін көрсетеді. Биылғы төрт айдың көрсеткіші де өсім ұлғайып бара жатқанын дәлелдеп отыр. Бұған себеп те бар. Өйткені жалпы тексерісте анықталатын қате-кемшіліктердің үштен бірі еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігі мәселесіне қатысты болып отыр.

Төлеген Оспанқұлов, ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы:

Жұмыс орнында жарақат алу көрсеткіші бойынша еліміздің өндірістік аймақтары көш бастап тұр: Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары. Олардың ішінде салалар бойынша алсақ, ең көбі 304 адам тау-кен кешеніне тиесілі. Ал құрылыста 175  адам жарақаттанған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде