{metadescription}
Алматыда тұрғындар колледж ғимаратын салдыруға қарсы
Алматыда тұрғындар колледж ғимаратын салдыруға қарсы

Алматыда тұрғындар колледж ғимаратын салдыруға қарсы

Құрылыс басталмай жатып тоқтады. Алматыда тұрғындар стадион аумағына колледж ғимаратын салуға қарсы. Жаппай наразылыққа шыққан жұрт ауласындағы жалғыз стадионды ешкімге бермейміз деп бекініп отыр.

Ғалия Байжгітова, Алматы қаласының тұрғыны:

- Зейнеткерлер не істейді? Осы жерде демалады. Балалар ойнайды.40 жыл жұмыс істеп, енді қайда демаламыз? Есіктің алдында толған көлік. Қай жерге барып жаттығамыз? Салдырмаймыз! Мынау масқара ғой! Жер сілкінсе қайда барамыз?

Таугүл ықшамауданының тұрғындары бос уақытында осы стадионға келіп спортпен шұғылданады. Алайда бұл жолы жұрт бала-шағасымен бірге спорт алаңына шынығу үшін емес, жанайқайын жеткізуге жиналды. Балалар асыр салып ойнайтын, зейнеткерлер бой жазып серуендейтін жалғыз стадионның орнына оқу корпусы бой көтереді. Апта басында құрылыс компаниясы аумақты қоршап жұмысты бастаймыз деп хабарлапты. Мұны естіген қараша өре түрегеліп,  құрылыстың басталуына жол берген жоқ. Бұқараның айтуынша, аталған стадион сүрілсе, №127 мектептің оқушылары да дене шынықтыру пәнін өткізетін жер таппай қалуы мүмкін.

Әкімдік өкілдері дауға себеп болған екі гектар жер №2 мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжіне тиесілі екенін айтады. Оған қоса оқу орнына студенттер сыймай, орын тапшылығы туған. Сондықтан колледж басшылығы дәл іргесінен қосымша үш қабатты оқу ғимаратын тұрғызуға құқылы дейді атқамінерлер. Ашуға мінген қарашаны тыныштандыруға тырысқан шенділер колледждің жаңа ғимараты стадионның бір бөлігіне ғана салынады деп сендірді.

Ұлан Омарбаев, Алматы жайлы қала ортасы басқармасы басшысының орынбасары:

Колледжден басқа спорт алаңдары салынады. Футбол, волейбол, баскетбол алаңдары болады. Қосымша воркаут саламыз. Балалар ойнайтын алаң бар. Осындай инфрақұрылым қарастырылған. Бұл мемлекет жері. Жоба-смета құжаты мемлекет сараптамасынан өткізіліп, оның қорытындысы алынған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде