{metadescription}
Қасым-Жомарт Тоқаев: Бұл менің Тәжікстанға бірінші ресми сапарым
Қасым-Жомарт Тоқаев: Бұл менің Тәжікстанға бірінші ресми сапарым

Қасым-Жомарт Тоқаев: Бұл менің Тәжікстанға бірінші ресми сапарым

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстанға екі күндік ресми сапары аяқталды. Бұл мемлекет басшысының одақтас елге президент ретінде алғаш рет ресми сапармен баруы. Сапар барысында президенттер бірлескен мәлімдеме жасап, екі жақтың сауда айналымын ұлғайтуға келісті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон шағын форматта және екі елдің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді. Ресми сапарда Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту, оның ішінде өзара тауар айналымын ұлғайту, инвестиция тарту және басқа да бірқатар мәселеге баса мән берілді.

Екі ел президенттері кездесуде бірлескен мәлімдеме жасады. Онда екі елде білім алып жатқан қазақ және тәжік студенттеріне білім гранттарының санын екі есеге көбейту келісілген.

Қасым-Жомарт Тоқаев тәжік мемлекетінің негізін қалаған Исмоил Сомонидің «Ұлттық келісім және Тәжікстанның қайта өрлеуі» мемориалды кешенінде орналасқан ескерткішіне гүл шоғын қойды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті:

Бұл менің Тәжікстанға президент ретіндегі бірінші ресми сапарым әрі пандемия кезіндегі бірінші шетелдік сапарым. Осы дерек біраз нәрсені аңғартады деп ойлаймын. Бүгінге дейін екі ел 80-ге жуық келісім жасасқан. Сауда айналымына келсек, былтыр пандемияға қарамастан 800 миллион долларға жетті. Біз осы байланысты нығайта бергіміз келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде