{metadescription}
Каспий жағасында 32 гектар жер өртеніп жатыр
Каспий жағасында 32 гектар жер өртеніп жатыр

Каспий жағасында 32 гектар жер өртеніп жатыр

Каспий теңізінің жағасында 32 гектар аумақ отқа оранды. Батпақты жерде құрғақ шөп пен қамыс жанып жатыр. Тілсіз жауды ауыздықтауға тікұшақ пен арнайы техникалар жұмылдырылған. Өйткені сазды жерге адам аяғы аттап баса алмайды.

Қою қара түтінді кеше түстен кейін Атыраудан 40 шақырым жерде байқаған. Күйген ыстың иісі қала ішінде әлі де сезіледі. Мамандар өрттің шығу себебін браконерлерден көріп отыр. Өйткені аңшылар қамыс арасында төлдеп жатқан аңдарды ашық алаңқайға шығару үшін өрт қояды екен. Кейін шетінен атып алады. Кешелі бері өрт сөндірушілер тілсіз жаумен әлі арпалысып жатыр. Әзірге тілсіз жаудың тек төрт ошағы сөндірілген.       

Нұржан Жақатаев, Атырау қаласы ТЖ басқармасының бастығы:

- Бүгін таңғы сағат 7-8 шамасында ТЖ департаментінен 5 техника, 14 адам және МИ-8 тікұшағы мен департаменттің жеке құрамы өрт болып жатқан жерге барып сөндіріп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.