{metadescription}
Алматы облысында 493 миллиондық газ магистралі қаңырап бос тұр
Алматы облысында 493 миллиондық газ магистралі қаңырап бос тұр

Алматы облысында 493 миллиондық газ магистралі қаңырап бос тұр

Алматы облысында 493 миллион теңгеге салынған магистраль газ құбыры қаңсып бос тұр. Жамбыл ауданы тұрғындарының айтуынша, жарты миллиард теңге бөлінген жобамен бес ауылға газ тарту көзделген екен. Алайда алты жыл өтсе де әлі газ қосылмапты.

Амалы таусылған жұрт тот басып, тіреуі құлаған құбырды темір-тересек жинаушылар үптеп кете ме деп қауіптенеді. Ал жергілікті әкімдік өкілдері дайын құбырмен газ жүрмей созбаққа салынғанын құжат мәселесінің қиындығымен байланыстырады. Алты жыл бойы тұрғындарды әуре-сарсаңға салған газ құбырының жай-жапсарын тілшіміз біліп келді.  

Ақсеңгір ауылының тұрғындары көгілдір отынды күте-күте қажыған. Шенеуніктерге өкпелі жұрт бірнеше жыл бұрын іргеден құбыр тартылғанда қатты қуаныпты. Атқамінерлер сол кезде бес ауылға газ келеді деп сүйіншілеткен. Алайда әлі күнге дейін іске қосылмаған құбыр ескіріп, тот басып жатыр. Кей жерінің тіреуі құлап, кетеуі кеткен тұсы морт сынған. Құбырдың көз алдымызда құрдымға кетуі жығылғанға жұдырық болды  дейді тұрғындар.

Бақыт Құрманбеков, Ақсеңгір ауылының тұрғыны:

- Халық газды сұрай-сұрай, енді жоқ болып жатыр. Қанша жыл болды, уәде ғана береді. Үкіметіміз қолға алса жақсы болар еді деп ойлап отырмыз. Елдің сәл деңгейі де көтеріліп қалады.

Амалы таусылған ағайын созбалыққа салып жүргенде қараусыз қалған құбырды темір-терсек жинаушылар үптеп кете деп қауіптенеді. Өйткені «іс бітті, қу кетті» деп алаңдағандар жауапты мекемеден осыған дейін ешкім ат ізін салмады деп ашынады. Ал ауыл әкімі алғашында елдімекеннің өзге жетістігін тізбелегенімен, соңыра жұрттың жанайқайымен келіспеске шарасы қалмады. 

Ержан Қасымшалов, Ақсеңгір ауылдық окургінің әкімі:

- 15 мыңға жуық халық бар. Осы газды күтіп отыр. Газ құбыры, қателеспесем, 2015 жылы тартылды. Бюджеттен қаражат бөлінді. Облыстан бөлінген соң,  біз білмейміз. Бүгінге дейін расында да құбыр жатыр, газ жоқ. Жылда аудан әкімі есепке келген кезде бұл мәселе көтеріледі.

Расында Жамбыл ауданындағы Қызылсоқ-Қазыбек бек бекеті магистраль газ құбырын тарту жұмысы 2014-2015 жылдары жүргізілген. 45 шақырымға созылған жобаға облыс бюджетінен бақандай 493 миллион теңге бөлінген. Мердігерге мін артылмаған құбыр қазір осы салаға жауапты облыс басқармасының балансында тұрғанымен, көгілдір отын атымен жоқ. Ал аудан әкімдігі  дайын құбырмен газ жіберілмеуін құжат мәселесінің қиындығымен түсіндіреді. 

Қайсар Әбсейітов, Жамбыл ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

- Бүгінде газ құбырының қосылмау себебін айтсақ, Алматы облысында 19 нысанда газ құбыры тартылды: Қапшағай қаласы, Бақанас және Талдықорған, Жаркент қалалары бар. Алматы облысы бойынша газ құбырының құжаты аяқталып, республикалық меншікке өткізіліп жатыр. Одан кейін сенімгер басқаруына беріледі. 

Аудандағы атқамінерлер қажет техникалық құжатты әзірлеп облысқа өткіздік дегенімен, ауылдарға қашан газ қосылатынын тап басып айта алмады. Демек алты жылға созылған құжат мәселесінің тағы қанша уақытқа созылатыны белгісіз. Ал құбырды қайта қалпына келтіру тек сенімгер басқаруына өткен соң ғана іске асырылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде