{metadescription}
Босанған келіншегін пезентханадан емес, мәйітханадан тапқан
Босанған келіншегін пезентханадан емес, мәйітханадан тапқан

Босанған келіншегін пезентханадан емес, мәйітханадан тапқан

Ақтөбеде перзентханада қайтыс болған келіншектің туыстары шу шығарды. 30 жастағы Аймира Атшыбаеваның бала босанамын деп бақилық болғанын дәрігерлер дер кезінде жақындарына естіртпеген. Тек денесі мәйітханаға түскенде ғана аман туылған шақалақтың анасынан айырылып қалғанын біліпті.

Ал келіншектің өліміне не себеп болағын айтудан мамандар қашқақтап жүрген. Тіпті қайғылы жағдайдың себебін сұрай барған қаралы отбасының мүшелерін перинаталдық орталықтың директоры қуып шықты.

Марқұм Аймира Атшыбаева соңғы рет перзентханада жұбайына  хабарласып, қиналып жатқанын айтыпты. Мұны естіген бойда күйеуі орталыққа жеткенімен, дәрігерлер түн жарымына дейін кіргізбей қойған. Тек есікті теуіп кіргенде ғана әйелінің мейітханада екенін айтқан.  

Алтынбек Жұмағазиев, марқұмның жұбайы:

- Қиналып жатырмын деп жазып жіберген. Содан кейін телефоны сөнулі болды. Біз деген сағат алтыдан бастап перзентхананың алдында жүрдік. Сағат11 жарым ба, 12 жарым ба, есікті қағып, біз ... не істегеннен ... кейін барып әрең ашты. Сол кезде барып ішінде күтіп отырдық. Содан соң барып өмірден өткенін айтты.

Былтыр ғана тұрмысқа шыққан Аймираның бұл алғашқы жүктілігі. Тоғыз ай бойы тұңғышын көтеріп жүргенде денсаулығына қатысты еш шағым болмапты. Тек босанар уақытынан күні асып кеткен. Перзентханаға бірнеше рет келгенімен, дәрігерлер оны кері қайтарып отырған.

Әлия Атшыбаева, марқұмның әпкесі:

- Тұңғышын босанайын деп тұр. Дәрігерлер нәрестесі ірі екенін біліп тұр. Уақыты өтіп кетті. 41-ші апта. Ол деген екі жеті де, 14-12 күн асып кеткен босануына. Дәрігерлер сол уақыттан бері не бітіріп отырды? Ол осы перзентханаға бес рет пе, 6 рет пе, түскен. Осы уақытқа дейін. 

Келіншек аман-есен өзі босанып, ұл туады. Бірақ жолдасы шықпай, жарты сағат өткен соң қан кетіп қайтыс болған. Оның өліміне не себеп болғанын білмек болған туыстарын дәрігерлер перзентханаға жолатпай қойды. Тіпті перинаталды орталықтың директоры тәртіп сақшыларын шақырып, қуып шықпақ болды.

Қайғыдан қан жұтып келіп тұрмыз.

- Айқайлай берме!

- Айқайлаймын.

- Кір, кіріңдер ...

Ақыры айқаймен далаға шыққан перзентхана басшысы ешкімге көңіл айтпастан, келіншектің бала көтерерден бұрын пневмониямен аурығаны қан кетуіне себеп болды деп отыр. Сондықтан жатыры жиырылмай қалған көрінеді.

Асхат Балықов, Ақтөбе облысы перениталдық орталығының директоры:

- Кесір тілігін жасауға ол кезде көрсеткіш болмады. Әйелдің өзі жақсы босанды. Негізі болмады. Жатыры жиырылмады. Жиырылмағасын қан кетті.

- Неге жай, үш сағаттан кейін, төрт сағаттан кейін естірттіңіз?

- Мен айта алмаймын. Өйткені дәрігерлердің есін жия алмай қалды.     

Марқұмның жақындары келіншек дәрігерлердің салғырттығынан қайтыс болғанына сенімді. Енді олардың үстінен іс қозғап, сотқа бермекші.

Бақытгүл Атшыбаева, марқұмның әпкесі:

- Осыған кінәлі, осы баланың өмірін қиған, осының ботасын кеше ғана дүниеге келген сәбиін анасыз қалдырып кеткен, қалдыруына себепші болған барлық дәрігерлерді жазалауын сұраймын. Заң бойынша мен соған дейін барамын.

Облыстық перинаталды орталықтың директоры Асхат Балықов аталмыш оқиғадан соң бірден қызметінен кетті. Бұған дейін жақында ғана осы перзентханада тағы бір ана туу кезінде қайтыс болған. Енді комиссия құрылып, келіншектің өлімінің себебін зерттейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.