Жауынгер әскери бөлім ғимаратынан секіріп өлді
Жамбыл облысында жауынгер әскери бөлімнің төртінші қабатынан секіріп өлді. Өзіне қол салған сарбаз ес жимастан мерт болды.
Автор: Руслан Әбдіхалық
21.05.2021
Қайғылы оқиға Қордай ауданындағы Гвардейский кентінде болған. Сарбаз әскер қатарына сәуір айында шақыртылып, сол айдың 15-сі күні ант қабылдаған. Арада 35 күн өткенде суицид жасады. Тепсе темір үзетін жігіттің неге мұндай қадамға барғаны белгісіз. «Әлімжеттік жасалды ма?» деген сауалға да әзірге жауап жоқ.
Бейресми мәліметтерге сүйенсек, өзіне қол жұмсаған жауынгер Қостанайда туған. Әке-шешесі жоқ тұл жетім деген ақпарат тарауда. Бірақ бұл деректі ресми органдар растамады.
Абай Жолдасов, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының штаб бастығы:
- Аман алып қалу шарасыжасалғанымен, сарбаз есін жимаған үйде қайтыс болды. Құқық қорғау орындары тергеу жүргізіп жатыр. Қалған ақпарат тергеу мүддесі мен туыстарының шешімімен жарияланбайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!