{metadescription}
«Аға» фильмі отандық кинопрокатта дүмпу туғызды
«Аға» фильмі отандық кинопрокатта дүмпу туғызды

«Аға» фильмі отандық кинопрокатта дүмпу туғызды

Отандық «Аға» фильмі аз уақытта халықтың ықыласына бөленіп отыр. Режиссер Фархат Серкебаевтың айтуынша, экшн жанрындағы атыс-шабыс пен шым-шытырыққа толы фильмді тамашалауға келетіндердің қатары күн сайын артуда.

Көпшілікті баурап алған туындыда туғанынан айырылған жігіттің кінәлілерді жазалау үшін түрлі қиындықты  еңсеріп, қылмыстық топқа қарсы шыққаны баяндалады.

Бір аптаның ішінде отандық кинопрокатта дүмпу туғызған «Аға» фильмінің оқиға желісі шым-шытырық сәтке құрылған. Экшн жанрындағы туындының әр минуты көрерменді жетелеп, тосын жайттармен таң қалдырады. Содан болар, қысқа уақытта киноны тамашалағандардың қатары артып, кино залдарда кезек күткендер көбейген. 

Фархат Серкебаев, режиссер:

- Киноның тұсаукесерін өткізген кезде де адам көп жиналған. Қазір де келушілердің қатары көп. Көрермендер тарапынан жағымды пікір көп айтылып жатыр. Барлығы шым-шытырық оқиғаға құрылған фильм ұнады дейді. Әлеуметтік желіге де көптеген көңіл марқайтатын пікірлір түсті. Біз туындымыздың көрермен көңілінен шыққанына қуанышытымыз.

Атышулы фильм Бақытжан есімді қайсар жігіттің басынан өткізген оқиғасымен басталады. Өткенін ұмытуға тырысқан ол басқа өмір бастауға бел буады. Алайда інісінің өлімінен соң ашынған аға кек алуды ұйғарады. Бауырын азаптап өлтіргендерді жазалаған кейіпкер қылмыстық топпен айқасып, оқиға желісі күрделене түседі. Басты рөлді сомдаған Мұрат Бисенбиннің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық топтыңтың талпынысы қарапайым көрермен түгілі, кино саласында жүрген өнер иелерін де тәнті етіп отыр.

Әбунасыр Серіков, актер:

- Голливуд болсын, Болливуд болсын, Ресей, Украина, Еуропа болсын, біздің киноларымыз қалыспау керек қой. Біздің киноамыздың басталғанына көп болса 5-6 жыл болды. Сондықтан да мен мұндай киноларды қолдаймын. -Режиссерді, актер ұл-қыздарды құттықтаймын, қазақстандықтарға арнап осындай керемет кино түсіріп жатқанына. Өте қуаныштымын!

Фильмде өзге де отандық актерлердің тынысы ашылып жаңа қырынан танылған.

Киносүйерқауымды жалықтырмайтын туындыны келешекте шетелге прокатқа шығару жайы да қарастырылып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде