{metadescription}
Жүк көлікте жасырылған 320 миллионның есірткісі тәркіленді – ШҚО  
Жүк көлікте жасырылған 320 миллионның есірткісі тәркіленді – ШҚО  

Жүк көлікте жасырылған 320 миллионның есірткісі тәркіленді – ШҚО  

Шығыс Қазақстан облысында есірткі тасымалымен айналысқан қылмыстық топ құрықталды. Олардың көлігінен құны 320 миллион тұратын марихуана мен гашиш тәркіленді.

Қылмыстық топ үш адамнан құралған.  Оның екеуі Өскемен қаласының, ал біреуі Жамбыл облысының тұрғыны.  50 жастағы Оңтүстіктің тумасы қос азаматқа есірткі жеткізіп берумен айналысқан. Ол сезік тудырмас үшін жеке жүк көлігін зауыттан шыққандай жабдықтап, жасырын жүксалғыш жасаған. Қапқа салынған есірткі заттарын сол жерге жасырып, жымын білдірмей жауып қойыпты. Полиция қызметкерлері есірткіні иісшіл иттің көмегімен әрең тапты. Тінткен кезде жасырын орыннан 300 келіден астам марихуана және 10 келіге жуық гашиш тәркіледі. Үшеуі қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.