{metadescription}
Шымкентте күмәнді компания тендер жеңіп алған
Шымкентте күмәнді компания тендер жеңіп алған

Шымкентте күмәнді компания тендер жеңіп алған

Шымкентте тендерге таласқан қос компанияның кесірінен фонтандар мен гүлзарлар қараусыз қалды. 15 жыл бойы саябақтарды күтіп-баптаған  «Жасыл қала»  мекемесі биыл жұмыстан шеттетілген. Олар тәжірибесі жоқ, техника мен жұмысшысы да жетіспейтін құрылыс компанияның тендер жеңіп алғанына күмән келтіреді.

Ұланбек Алдабергенов, «Жасыл қала» мекемесінің бас инженері:

- Тендердің жарияланған талаптарына қарасақ «Буилд Строй» мекемесі 2019 жылы 26, 2020 жылы 53 адам деп, биыл 290 адамымыз бар деп көрсеткен. Бірақ олардың еңбек кітапшасы, болмаса зейнетақы қоры көрсетілмеген. Бір күнде 290 жұмысшымыз бар деп көрсеткен.

«Жасыл қала» мекемесіндегі 500 адамның жартысы жұмыссыз қалыптты. Былтыр ғана алған арнайы техникамыз да тұрақта қаңтарылып тұр дейді. Сондықтан тендерді бергендер мен алғандарды тексерсін деп, жемқорлыққа қарсы күрес қызметі мен прокуратураға арыз жазған.

Саябақтар мен гүлзарларға күтім жасайтын «Буилд Строй» компаниясы мыңнан астам маман мен жүзден астам техникамыз бар дейді. Тіпті «Жасыл қаланың» жұмыссыз қалған қызметкерлерін еңбекке тартып, бұрынғыдан 20 мың теңгеге көбірек ақша төлеп отыр екен. Және де олар қарсылас компания осы күнге дейін жұмысымызға кедергі келтірді деп тиісті орындарға шағым түсірмекші.

Бауыржан Әлнар, «Build stroy» компаниясы директорының орынбасары:

- Саябақтардағы ағашты суарайын десек, «Жасыл қала» өкілдері бізге барынша кедергі келтіріп келеді. Мәселен, қолдануға қажет сорғы солардың сақтауында болған, оны да бермей қойды. Олармен ұрсысып қарап отырмайық деп, өз қаржымызға қажететінін сатып алып, міндетке алған жұмысты істеп жатырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

14 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде