{metadescription}
Абай Қарпықов: Фархатпен жоспарлаған жұмысымыз көп еді ...
Абай Қарпықов: Фархатпен жоспарлаған жұмысымыз көп еді ...

Абай Қарпықов: Фархатпен жоспарлаған жұмысымыз көп еді ...

Қазақстандық актер Фархат Әбдірайымов 55 жасында өмірден озды. Өнер майталманының жүрегі Грузияда тоқтаған. Онда актер екі елдің бірлесіп түсіріп жатқан «Больше, чем любовь» картинасының түсіріліміне қатысып жатқан. Марқұмның денесі бүгін түнде Отанына жеткізілуі тиіс.

Ақтоты Райымқұлова, Мәдениет және спорт министрі:

- Біздің мемлекет тарапынан Қазақстан Республикасының Грузиядағы елшілігі бүгінгі күнде көмек көрсетіп жатыр. Және марқұмның денесі кешкі онда ұшақпен жеткізіледі. Таңертең Алматыға ұшырылып әкелінеді. Біз өзіміздің тарапымыздан және жолдас-жоралары марқұмның жанұясына көмек көрсетіп жатырмыз. Көңіл айтамын, қазақстандықтарға. Иманды болсын.

Әбдірайымов Серік Апрымовтың атышулы "Ақсуат" фильміне де түскен. «Фара» фильмімен халыққа танылды. Сол рөлінен кейін отандық және ресейлік киномарапаттарға ие болған. Одан кейін 20-дан астам телехикая, жарнама ролик, бейнебаяндарға түскен. "Кімнің жаны нәзік болса", "Шанхай", "Жасырын махаббат", "Застава", "Анажан" «Статья на двоих» атты халыққа кеңінен таралған туындылар. Сонымен қатар түрлі шоуларда өнер көрсеткен ол марапаттан да кенде қалмаған. "1996 жылдың үздік актері", "Жылдың кино жұлдызы", "Күміс Георгий" жүлделерінің иегері.  Өнер жолын 1994 жылы бастаған Фархат бір сәтке де кино әлемінен жырақтаған емес. Соңғы күндерін Тбилиси қаласында өткізген ол жұмыс кезінен сәт сайын әлеуметтік желіде видеолармен бөлісіп отырған. Ал бірер күн бұрын режиссер Абай Қарпықов Фархатпен бірнеше күн бұрын сөйлесіп, «Фара» фильмінің жалғасын түсіреміз деп жоспарлапты. Марқұмның артында жары мен екі ұлы қалды. 

Абай Қарпықов, режиссер:

- Ең ағашқы картинамда эпизодқа түсуге келген еді. Сол арада оған қарап отырып өзіне сай рөл ойластырдым. Сөйтіп басты кейіпкерлердің бірін ойнады. Кейін бір жылдан соң оған арналған «Фара» фильмін түсірдік. Өзім күткендей жақсы адамнан жақсы рөл, жақсы туынды шықты. Керемет, өте көңілді жан еді. Екеуіміз әлі де істейтін көп жұмыс қалып қойды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.