Ақтауда кәсіпкерлерді судан шектеген шенеуніктер жауапқа тартылады
Ақтауда 81 кәсіпкерді судан шектеген шенеуніктер жауапқа тартылады. Қала прокуратурасы әкімдіктің бұл әрекетін заңсыз деп отыр.
Автор: Айман Нұрмағанбет
21.05.2021
Олжас Айтуар, Ақтау қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры:
- Кәсіпкерлердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, қалыпты қызметін қамтамасыз ету және кінәлі лауазымды тұлғалардың жауаптылығын шешу мақсатында қала прокуратурасы қала әкімінің атына заңды бұзу шылықты жою туралы ұсыныс енгізді. Қадағалау органының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша мобильдік топ жұмыс атқаруда.
Ақтау тұрғындары бірнеше аптадан бері судан тарығып отыр. Тіпті тұрғын үйлердің жоғарғы қабатына су бармай жатыр. Өйткені қаланы ауызсумен қамтитын комбинатта жөндеу жүріп жатыр. Сондықтан қысым төмендеп, тұрғындарға су тамтұмдап берілуде.Тіпті суды үнемдеу үшін шенеуніктер монша мен көлік жуу орталықтарын жауып, суық су құбырларына пломба салып тастаған. Карантинде кәсібі тұралаған азаматтар әкімдіктің бұл шешіміне наразы болып, прокуратураға шағымданған. Қадағалаушы орган шенеуніктердің әрекеті дұрыс емес деген шешім шығарған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!