{metadescription}
ЕАЭС: Лукашенко бес елдегі әріптестерін Минскіге шақырды
ЕАЭС: Лукашенко бес елдегі әріптестерін Минскіге шақырды

ЕАЭС: Лукашенко бес елдегі әріптестерін Минскіге шақырды

Лукашенко Қазақстанға ренжіп қалды. Оның ойынша, еліміз пандемия кезінде қонақжайлығын ұмытқан. Қазақ жеріне жиі табан тірейтін Беларусь басшысы коронавирустың кесірінен онлайн жиындардан шаршағанын көрсетіп, бес елдегі әріптестерін күзде Минскіге шақырды.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің басшылары бүгін бір-бірімен сағынысып көрісті. Вакцинадан бастап, азық-түлікке дейінгі талай тақырып талқыға түскен жиын қалай өткізілді?

Коронавирус індеті алыс-берісті тежегенімен қоймай,  Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес мүшелерін бір терезенің ішіне сыйғызды. Онлайн форматта бүгін бас қосқан Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан мен Арменияның президенттерімен қоса, Кубаның басшысы таңғы сағат 5-тегі ұйқысын қиып, одақтың ішкі нарығындағы кедергілерді жоюды, дағдарыстан кейінгі жағдайды қалпына келтіру жағын талқылады.

Мемлекет басшыларына бейнеконференция арқылы жүздесу ауыр соғып жүргенге ұқсайды. Әбден бір үстелдің басында шүйіркелесіп үйренген көшбасшылар бүгінгі отырыста ашықтан-ашық сағыныш білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті:

- Осылай біздің бейнеконференция арқылы кездесіп отырғанымыз өкінішті. Көптен бері көрмеген соң, сағынады екенсің.

Лукашенко да әріптестерін көруге асық. Сағынып жүр екен. Ол тіпті Қазақстанның қонақжайлылығына күмән келтіріп, ренжіген сыңай танытты. Сағынышты басу үшін күзде Минскіде басқосуға шақырды. Бір-екі минуттық емін-еркін әңгімеден кейін Беларусь президенті мигранттарға қатысты салмақты ұсынысын жеткізді.  

Александр Лукашенко, Беларусь Республикасының президенті:

Құрметті төраға айтқандай, шынымен көптен көріспедік, сағындық, теледидардан бір-бірімізді қарап отырамыз. Айтайын дегенім, Үкіметтердің еуразиялық экономикалық одақ кеңістігінде азаматтардың еркін қозғалысын жаңартуда бірлескен іс-қимылдың нақты алгоритмін келісетін уақыт жетті деген сенімдемін.

Одақ елдерінің ішінде көшіп-қонып жүргендерге алдағы уақытта тамақ жетпей қалуы мүмкін. Кеңестің құрметті төрағасы азық-түлік тапшылығын сезінетінімізге сенімді. Назарбаев оны дұрыс жоспарлау керек екенін жеткізді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы, ҚР тұңғыш президенті:

- Одақта өз аумағымыздағы ел тұрғындарын қамтамасыз ету үшін бәрі бар. Тек дұрыс жоспарлап, дұрыс кооперация жасап, дұрыс байланыс орнату арқылы өз аумағымызда бар дүниемен өзге елдерді қамтамасыз етуіміз керек. Жуық арада азық-түлік тапшылығын міндетті түрде сезінеміз.

Азық-түліктің жетіспеуі оның бағасына да әсер етпей қоймайды. Қазір Қазақстанда күнделікті тұтынатын өнімдердің құны аспандап тұр. Путин осындай маңызы бар тауарлардың бағасын өсірмеу керек, өссе, бірден әрекет ету қажет деп есептейді. Құнның шарықтауына коронавирус кесірі де тиді. Қауіпті індетті бұрын толқынымен күтсек, енді ауру маусымдық сипат алуы мүмкін.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР президенті:

Барлық болжамға қарағанда ковидпен ауыру маусымдық сипатқа ие болып барады. Вируспен күрестегі табыс кепілі халықты иммундау екені айқын. Бұл саладағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды жалғастыру барынша маңызды деп санаймыз.

Коронавирустан жалғыз қорғаныш – вакцина. Келелі кеңесте отандық «Казвакпен» мақтанған Тоқаев басқа елдің президенттері де Ресейге «Спутник» вакцинасына алғыс білдірді. Жақында Қырғызстан президенті  мен Тоқаевтың тегін ұмытқан Пашинянның халқы ресейлік вакцинаға қол жеткізбек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде