Жамбыл облысындағы сел жұрттың зәресін ұшырды
Топан судың астында қала жаздады. Жамбыл облысында тоқтаусыз жауған жауыннан сел жүріп, жұрттың зәресін алды. Арыны қатты лай су өзек қуалай жолдағы қоқыстың бәрін ысырып ауылға лап қойған.
Автор: Руслан Әбдіхалық
21.05.2021
Көпірді су шайып кетіп, екі кеште тұрғындар абдырап қалды. Көбі түрт түлігін судан өткізе алмай қиналған. Бұл қатты нөсерден пайда болған. Тау бөктеріндегі лай сай-саламен келіп, Өрнек, Ақыртөбе, Мамай-Қайыңды ауылдарын жағалай аққан. 20-ға жуық үйдің ауласы ауылшаруашылық техникасымен қоса су астында қалды. Небәрі бір сағаттық нөсер осындай машақат әкелді. «Жауын ұзақ жауғанда жағдай тіптен қиын болар еді», дейді тұрғындар. Ал мұндай жағдай екі жыл бұрын болған. Ол кезде терең судан жұрт үйіне кіре алмай қалған.
Гүлнар Жаңабаева, Жамбыл облысы төтенше жағдайдың алдын алу басқармасы бастығының міндетін атқарушы:
- Жалпы су деңгейі 30 см-ға дейін болды. Сулар арықпен ағып кетті. Бұдан бөлек, жауын салдарынан Өрнек ауылындағы көпірге зақым келді. Қазір жүк көліктеріне жүруге тыйым салынды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!