Ashyq-тың жаңа қосымшасын жасап жатыр – Aitu
Ashyq-тың шамасы жетпей қалған! Бүгін мамандар ұялы қосымшаның елорда әуежайында неге істемей қалғанын түсіндірді. Тығырықтан шығу үшін IT мамандары жаңа қосымша жасап жатыр. Оның мүмкіндігі кең және дәл Ashyq сияқты қолданылады дейді жауаптылар.
Автор: Ербол Тұрымбет
21.05.2021
Ұлттық ақпараттық технология акционерлік қоғамы өкілдерінің түсіндіруінше, Ashyq мобильді жүйесі алғаш жасалғанда мұндай адам нөпіріне арналмапты. Күніне 10 мыңнан 100 мың адамға дейін қолдана бастағанда қосымшаның шамасы жетпей қалған.
Мамандардың айтуынша, бүгін барлық кемшілік қалпына келтірілген. IT мамандары түнімен жұмыс істеп, Ashyq-тың мүмкіншілігі біраз кеңейтіліпті. Бүгін бұрынғысынша жұмыс істеп тұр. Дегенмен қолданушылар тым көбейіп кетсе, Ashyq тағы істен шығуы мүмкін. Сондықтан жаңадан Aitu қосымшасы жасалған. Оны да тура Ashyq секілді қолдануға болады. Екі қосымша да ПТР- тестілердің бірыңғай базасымен біріктірілген. Бүгінге дейін қоғамдық орындарға кіргісі келген «қызыл» дәрежелі 2 жарым мыңнан астам, «сары» түсті 1800-ден астам адам анықталған.
Хасанғали Ғаппаров, «ҰАТ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:
- Ол кезде жаңа жазғаннан кейін қалай болу керек екенін басынан білеміз. Бүкіл қателердің бәрін басынан бастап жөндедік. Онда мұндай проблема жоқ. Тестілер жасадық. 100 мыңға дейін, 50 мыңға дейін қысым берді. Ондай қателіктер болған жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!