COVID-19: 727 науқастың жағдайы ауыр
Коронавирус пневмониясынан елімізде бір күнде бес адам қайтыс болды. Мамандар қауіпті дерт жұқтырған 727 науқастың жағдайы ауыр екенін айтады. Covid-19 вирусын жұқтыру деңгейі апта бойы бір қалыпта болған.
Автор: Жаңалық Ахаш
21.05.2021
Кешегі күнге қарағанда коронавируспен ауырғандар саны 200 адамға аз. Өткен тәулікте 2433 науқас тіркелсе, бүгінгі есепте 2267 адам көрсетілген. «Қызыл» аймақта қазір екі қала мен бес облыс бар.
Шымкент қауіпті аймақтан шықты. Бұрынғысынша індет Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында және Қарағанды облысында ушығып тұр. Маңғыстаудан өзге еліміздің батысындағы үш облыс апта бойы «қызыл» аймақтан шықпай қойды. Көрсеткіші күнара құбылып отыратын Ақтөбе облысының санитар дәрігерлері шектеуге қатысты қандай шара қолданарын білмей отыр. Екі апта бұрын оқушылардың мектепке баруына рұқсат берген еді. Енді демалыс кезінде жазғы мектептің жұмысына шектеу бола ма, болмай ма, ол жағы әлі белгісіз.
Нұрсұлу Беркімбаева, Ақтөбе облысы санитария-эпидемиология бақылау департаменті басшысы:
- Жазғы мектеп барлық санитарлық ережені қатаң сақтайды. Бес баладан артық сыныпқа қабылдамайды. Енді тағы да олардың арасында тіркеу болып жатса, ол жерде басқа шара қабылдаймыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!