{metadescription}
Түркістан облысында тасбақа, кесіртке мен жыландар құтқарылып жатыр
Түркістан облысында тасбақа, кесіртке мен жыландар құтқарылып жатыр

Түркістан облысында тасбақа, кесіртке мен жыландар құтқарылып жатыр

Түркістан облысында терең арыққа түсіп кеткен тасбақа, кесіртке мен жыландар құтқарылып жатыр. Айдалада ұшы-қиыры жоқ тоғанды жерді ұзақ мерзімге жалға алған шаруалар мал кірмес үшін қазып тастаған екен.

Сарыағаш пен Шардараның ортасындағы жерде орға құлап қырылып жатқан жануарлар мен мақұлықтарды биоалуандылықты қорғау қауымдастығының өкілдері байқаған. Жыбырлаған жәндіктер мен тірі малды шығаруға еріктілер де тартылған. Нәтижесінде 200-ден астам тасбақа, 31 жылан мен арықтан шыға алмай қалған үш қошақан және бір құлын құтқарылды. Енді заңсыз қазылған 139 жер теліміндегі терең арықтар бүгіннен бастап қайта көміліп жатыр.     

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде